Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Олар бірін-бірі түсінбеген сияқты": Көшербаев Маралдыдағы алтын дауы туралы айтты

13:13, 02 қыркүйек 2024 437
 

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Ермек Көшербаев Маралды ауылының мәселелеріне тоқталды, - деп хабарлайды Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.

Оның айтуынша ауылда бұрын жөнделмеген жолдар қалыпқа келтірілген. 

 
 
 
 
 
 

"Маралдыда көктемнен бастап жолды жөндеп шықтық. 30 жылда жол болмаған жерге жол төсеп, клубтарды жөндеп, ауруханада жұмысшылар саны көбейді", - деді ол. 

Оның айтуынша, "ВСАМ продакшн" мен тұрғындар арасында түсініспеушілік болған. 

"Халықпен тіл табыспасаңдар, дұрыс болмайды дедім. Олар бірін-бірі түсінбеген сияқты. Олар жұмыс істеп жатыр. Оның алдында Маралды тұрғындары жұмысқа бармаймыз, тұрмаймыз деген. Қазір, менің білуімше, олар жұмысқа тұрып жатыр. "ВСАМ продакшнмен" меморандумға келіп, қор құрылуы керек. Басқа компаниялар қазып тастаған жерді жөндеу керек", - деді әкім. 

Еске салайық, мамырда Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылының тұрғындары ауыл іргесіндегі алтын өндіретін фабрикасын салуды тоқтатуды талап еткен еді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар