Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өнер қырандары" концерт уақытын неге өзгертті?

06:36, 24 желтоқсан 2022 199
Өнер қырандары концертінің уақыты өзгерді

«Өнер қырандары» театрының 24-25 желтоқсанда Алматыда жоспарланған концерті ұйымдастырушылардың қателігінен өтетін уақыты өзгерді.

Театр ұжымы құжаттардың болмау себебінен сол күндерді жалға алған компаниямен қайта келісім-шартқа отырды. Осылайша 25 желтоқсан күні 16:00-дегі концерт 18:00 ауысты.

«Өздеріңізге белгілі, біздің тарапқа әкімшіліктен түскен ескертпелерді негізге ала отырып, БАҚ-да жарияланған материалдарға жауап ретінде құжаттарымыздың болмағандығын мойындаймыз! Дегенмен халықтың алдында қайта қауышу үшін ендігі кезекте құжатқа ұқыпты боламыз. Аталған қолайсыздықтарды, «арбаны да сындырмай» оң шешім табуға атсалысқан жауапты мекемелерге алғысымызды айтамыз!»,– деді театр жетекшісі Мадияр Серікбаев.

Естеріңізге сала кетейік, тек 25 желтоқсан күні өтетін 16:00-дегі концерт 18:00 ауысты. Келіңіздер, тамаша концерттің куәсі болыңыздар!!!

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар