Тұғырлы тәуелсіздіктің қадірін ұқтыру, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, сөз тазалығын, сахна мәдениетін сақтау, айтыстың негізгі талабы – суырыпсалмалық қабілетін танытуды міндеттейтін оқушылар айтысы 2 айналым және ақырғы кезеңнен тұрады.
Аталған оқушылар айтысы осымен 7 рет республикалық деңгейде ұйымдастырылып отыр. Бұқаралық ақпарат құралдары жақсы бастаманы насихаттап кеңінен таралуына жол ашты. Осы игі істі одан ары жандандыру мақсатында кезекті айтысқа ақпараттық қолдау жасауларыңызды сұраймыз!
Бұл жолғы айтыстың 1-орын иегері – 150 000 теңгені қанжығалайды. 2-орынға (2 оқушыға) – 100 000 теңгеден, 3-орынға (3 оқушыға) – 50 000 теңгеден бұйырады. Екі оқушыға – 40 000 теңгеден арнайы жүлделер мен өзге де ақшалай сыйақы қарастырылған.
Айтыстың бас демеушісі: «Аssyltas» қоғамдық қоры.
Шараға тілші-әдебиетші ғалымдар, белгілі айтыскер ақындар, мұғалімдер мен оқушылар және БАҚ өкілдері қатысады.
Уақыты: 7 желттоқсан, 09:00
Орны: Алматы қаласы, Митин көшесі 6
Байланыс телефоны: 8705 666 88 90, 8705 666 88 90 (Жарқын)