Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оралда су тасқынынан зардап шеккен отбасының баспанасы өртеніп, ерлі-зайыпты қаза тапты

09:18, 05 шілде 2024 2374

3 шілде түнінде Үшөзен жағалауындағы «Зейнеткер» бау-бақша серіктестігінде жас отбасыға тиесілі үй өртеніп, жас ерлі-зайыпты қаза тапты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kzсайтына сілтеме жасап.

«Уральская Неделя» басылымының жазуынша, өрт сөндірушілер үйді бірнеше сағат бойы сөндіруге тырысқан, бірақ отты таңға қарай ғана тоқтата алған. 

«Оқиға орнынан екі адамның денесі табылды. Өрттің себебі анықталып жатыр», — деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.

Көршілер қаза тапқандардың жас отбасы екенін, жұдайының жақында 30 жасқа толғанын айтады.

«Олардың үйі су тасқынынан зардап шекті. Залалды анықтайтын комиссияны күтіп жүрген, бірақ оған жете алмады», — дейді тұрғындардың бірі.​​

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар