Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Оралдың маңындағы саяжайлар су астында қалды

19:38, 21 сәуір 2024 541

Орал қаласы ТЖ басқармасының бастығы Амангелді Ешмұхановтың мәлім еткеніндей, бүгін Зачаган кентіндегі Жайық өзені жайылмасында орналасқан «Стеновик» бау-бақша серіктестігінде қалған адамдарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде.

Оның сөзіне қарағанда, мұнда 820 жер телімі бар.

«Аталған бау-бақша серіктестігінде 190 отбасы қысы-жазы тұрады. Мұндағы тұрғындардың басым бөлігі алдын ала көшірілді. Өз үйі мен жер телімдерін күзеткен санаулы адамдар қалған. Қазіргі кезде БҚО полиция департаментімен бірге оларды мәжбүрлі түрде эвакуациялау жүргізілуде», деді А.Ешмұханов.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, өңірде апаттық-құтқару жұмыстарына 10 663 адам, 1 927 техника, 213 су сору құралы, 197 қайық және 5 тікұшақ жұмылдырылған.

Бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 3 300-ге жуық саяжай үйі суға кеткенін, соның 2 921-і Орал қаласындағы өзен жайылмаларында орналасқан болатын. 

Сондай-ақ Орал қаласында Жайықтағы су деңгейі қауіпті шектен асып кетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар