Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Орыс, Ресейіңе кет" деп такси жүргізушісін балағаттаған Құндызай 7 жылға соттала ма?

17:30, 04 шілде 2024 817

Бүгін Қостанай қаласындағы №2 сотта Тобылдың 42 жастағы тұрғыны Кұндызай Кенжетаеваға қатысты қылмыстық іс бойынша басты сот талқылауы басталды. Ол такси жүргізушісі, 30 жастағы Михаил Галкинді қорлады деп айыпталуда. Бұл туралы Alash.kz ұлттық порталы хабарлайды. 

Ng.kz порталының мәліметінше, оқиға 6 ақпанға қараған түні орын алған. Кенжетаева мен оның күйеуі такси шақырған, ал рөлде Галкин болған. Айыптаушының нұсқасы бойынша, Кенжетаеваның күйеуі жөтелген, түшкірген немесе әдейі жүргізушіге түкірген. Бұған жауап ретінде Галкин көлікті тоқтатып, жолаушылардан түсуді талап еткен. Осы кезде Кенжетаева жүргізушіні балағаттап, оған "Орыс, өзіңнің Ресейіңе кет!" деп айқайлаған.

Осы сөздері үшін Кенжетаева ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлігі бойынша (ұлтаралық араздықты қоздыру) айыпталуда. Бұл ауыр қылмыс санатына жатады, оған 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, бірақ балама жаза ретінде бостандығын шектеу немесе айыппұл салу мүмкіндігі де бар.

Оқиға кезінде жүргізушіні қорлаған видео желіге жүктелген.

Бүгінгі сот отырысына жәбірленуші де, аудармашы да қатыспағандықтан, істі қарау кейінге қалдырылды.

  • Жәбірленуші 300 000 теңге көлемінде азаматтық талап-арыз берген, - деп нақтылады мемлекеттік айыптаушы. - Оның пікірі міндетті түрде ескерілуі керек.

Келесі сот отырысы 12 шілдеге белгіленді. Жәбірленушінің келісімімен, егер айыпталушы өз кінәсін толық мойындаса, істі қысқартылған тәртіпте қарастыру мүмкіндігі бар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар