Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзбек ұлтын ұйыстырып тұр". Белсенді Өзбекстан басшысы мен спортшысын үлгі етіп, Қазақстан басшылығын сынады

16:47, 01 тамыз 2024 638
Баспагер, кәсіби экономист, қоғам белсендісі Шыңғыс Мұқан Париж олимпиадасы кезінде тілкескен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзииев пен спортшысы Диёра Келдиёрованың тілдескенін сөз етіп, Қазақстанның шенеуніктерін сынға алды, деп хабрлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
 
Шыңғыс Мұқан бұл хақында жазба жариялады: 
 
Кеше Диёра жеңгенде Өзбекстан президенті Шавкат акамыз да телефон шалған ғой. Қалай әп-әдемі ұйымдастырған. Әр сөзі өзбек ұлтын ұйыстырып тұр. Әкесі мен қызының әңгімесіндей жып-жылы.
 
Біздікілер не істеді дейсіз ғой? Өзіңіз де көрген боларсыз. Спорт министрі телефонын алып шауып келді де, Елдостың құлағына тоса қойды. Президентіміз не айтып жатыр екен деп біз де тыңлағымыз келіп барады. Елдостың рақметінен басқа ешнәрсе ести алмадық. Сөйлесіп болған соң, телефонды алып, министрдің өзі сөйлесіп кетті. Сол кезде “мұнау не” деп тіксініп қалып едім, кластастары емес, бір елдің басшысы соғып тұр, халық түгел көріп отыр.
 
Ұлтты ұйыстыратын мұндай оқиғалар күнде бола бермейді. Оның ішінде Олимпиада, төрт жылда бір рет, екі апта бойы бүкіл елдің көңілін бір арнаға салып береді. Ал да пайдалан. Халықтың назарын саяси тұрғыда монетизация жасайтын кезең.
 
 
Бұған қатысты оқырмандар пікір жазып жатыр. Олар өзбек ұлтының ұлттық санасын алға тартып, Қазақстан билігін сынады:
 
"Өзбекстанның спортшысы да, президенті де өзбекше ойлайды, соның үшін әңгіме шынайы болады ғой", "Қызым деп сөйлегені қалай әдемі. Бір-бірін тосып сөйлеп, дауысын шығарып қойып. Нағыз жаңа Өзбекстан дейміз бе?", "Барлық жағынан өзбек бауырларымыз алға шығып кеткен сияқты…" деді олар. 
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар