Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзбекстанның 8 алтынды қоржынға қалай түсіргені белгілі болды

11:09, 13 тамыз 2024 1614

Парижде өткен Олимпиада ойындарында бокстан 13 алтын, 13 күміс және 26 қола медаль сарапқа салынды. Оның жетеуі ерлер құрамасына және алтауы әйелдерге тиесілі, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Ерлер арасында медальдар жиынтығы бойынша Өзбекстан көш бастады. 5 бірдей боксшысы алтын алып, ел мерейін үстем етті. Оның ішінде Баходир Жалолов пен Хасонбай Дусматов олимпиаданың екі дүркін чемпионы атанып отыр. Осы орайда барлығында "Өзбекстан боксшыларының жетістігінің сыры неде?" деген сұрақ туындайтыны анық.

Қазір әлеуметтік желілерде Өзбекстанның 2025 жылға дейінгі боксты дамыту тұжырымдамасы қызу талқыға түсуде. Құжат 2021-2022 жылдары қабылданған. Ел арасында боксты насихаттау әдістері мен танымал боксшылардың өмірін жиі көрсету арқылы жас балаларды спортқа тарту тетіктері көрсетілген.

Өзбекстан билігі 2025 жылға дейін бокспен айналысатын жасөспірімдердің санын 27 мыңға дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Өзбекстан құрамасының мүшелері үшін Ташкент қаласында халықаралық талаптарға сай келетін 100 адамға арналған заманауи бокс базасын салуды мақсат еткен.

"Бокспен тұрақты түрде айналысатын 13-17 жас аралығындағы балалар санын көбейту. Бокспен үнемі айналысатын жоғары білім беру жүйесіндегі I курс студенттерінің санын көбейту. Орта жалпы білім беретін, орта арнаулы, кәсіптік және спорттық оқу орындарының спорт ғимараттарын тиімді пайдалану", - деп жазылған құжатта.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар