Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзбектер спортшыларын Еуропада жаттықтырды, бізде қанға сіңген жемқорлықпен бәрін обалды қылды" - заңгер

13:06, 03 тамыз 2024 1134
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек спорт саласындағы жемқорлықты сынап, Қазақстан бокс құрамасының бас бапкерін айыптады. Заңгердің айтуынша,бас бапкер Мырзағали Айтжановтың сортшыларды өзбек бапкері секілді алдын ала Европаға апарып,  адаптациядан өткізіп, психологиялық тұрғыда дайындамаған, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.
 
Заңгер әлеуметтік желі парақшасында өткір жазба жариялап, бас бапкерді айыптады:
 
Бокстан жеңіліп жатқанымыздың себебі бас бапкердің кінәсі!
Өкінішке орай жемқорлық бұл жақты да жаулап кеткен.
Президентіміз Азия ойындарынан кейін, спортты жемқорлықтан тазалауға нақты тапсырма берген еді!
Ол тапсырма өкінішке орай орындалмағанын осы ойындардан көруге болады.
Мен және бүкіл қазақ елі бокстың жанкүйеріміз!
Дәл осы олимпиада да бокстан көбірек медал күткен едік…
Жақында ғана келген Бокс федерациясының басшылығына өкпе жоқ! Барынша лицензия алып беру міндетін атқарды.
Ары қарай тактиканы дұрыс жоспарлау бас бапкер, Мырзағали Айтжановтың міндеті еді! Спортшыларды алдын ала Европаға апарып адаптациядан өткізіп, психологиялық тұрғыда дайындау керек еді.
Көрші Өзбекстан елінің бас бапкері Тулкин Киличев спортшыларын алдын ала екі апта бұрын Еуропаға сборға барғанын көріп отырдым.
Міне тактика! Міне профессионализм!
Ал біздің бап бапкер Олимпиадаға баратынын біле тұра чемпиондарды сол баяғы “Алматау” да дайындап, енді міне нәтижесі!
Европада қонақ үйлерден, тамақтан ақша жей жымқыра алмайтын болған соң, “Алматауда” жаттықтырдыңдар ма?
Спортсмендерді кінәламаймын, оларға календарды алдын ала бас бапкер сызып береді!
Қанға сіңіп кеткен жемқорлық , спортшыларымыздың еңбегін жоққа шығаратын болды….
Шымкенттік Мақмұт Сабырханды өз салмағында неге шығармадыңыз Айтжанов мырза?
Баланың обалы сіздің мойныңызда!
Антикор төрағасы Асхат Жұмағали біздің спорттағы басшылар “Алма тауды” неге сонша қатты жақсы көреді?!
Бір тексеріп жіберіңіздер олимпиада ойындарынан кейін! - деп жазды заңгер. 
 
 
Орайы келгенде айта кетейік, олимпиададағы бірыңғай жеңілістен кейін бас бапкер бұл жолы Токио олимпиадасының межесіне жетпей қалғанын мойындады.
 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар