Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Өзімді емес, Ақжолды қатты уайымдадым". Демеу Жадыраев қырғыз палуаны туралы пікір айтты

13:27, 16 тамыз 2024 571

Белгілі палуан, грек-рим күресінен Қазақстан командасының белді мүшесі,Париж Олимпиадасының күміс медаль иегері Демеу Жадыраев сұхбат беріп, қырғыз балуаны Ақжол Махмұдовпен достығы, бауырластығы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының ширек финалында әйгілі қырғыз балуанын жеңіп,екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты тізе бүктірді. Нәтижесінде, қазақстандық спортшы күміс, қырғыз палуаны қола медаль еншіледі.

Марапаттау рәсіміндегі қос спортшының бір-біріне деген құрметі мен қолдауы көпшілікті сүйсіндіп, ел ықыласына бөленген еді. Кейін спортшы Демеу Жадыраев бұл хақында кеңінен әңгімеледі.

«Ақжол Махмұдов менің бауырым, менің «роднойым». Бір-бірімзге сәттілік тіледік. Күресетін кезде де мүмкін ағасымен күресіп жатқандықтан да, дұрыс күресе алмаған шығар деп ойлаймын. Өзі де маған солай деп айтты. «Финалға шық» деп маған сәттілік тіледі. Мен де оған «босама» деп айттым. Өзімнен бұрын Ақжолды көбірек уайымдадым», - деді палуан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар