Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Өзіне қол салмақшы болған Бекеева ісіне қатысты жаңа ақпарат жарияланды

05:07, 07 сәуір 2022 273
 



Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы Мөлдір Бекееваға қатысты билік өкіліне тіл тигізу бабы бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Бұған дейін ол басшылықтың қысымынан өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі қылмыстық іс тоқтатылды деп түсіндірді, бірақ Мөлдір Бекееваның үстінен шағым түсірген қызметкер қайта сотқа жүгінген. Жаңа іс азаматтық тәртіпте қаралатын болады.

Еске салсақ, бұған дейін Мөлдір Бекееваға қатысты билік өкіліне тіл тигізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған. Оның айтуынша, бұл – «Назарбаевтың күйеу баласының» оны жұмыстан айыру әрекеті. Баспасөз хатшысы басшылықтың қысымынан өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Өзін-өзі өлтіруге итермелеу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар