Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Пәтер сыйлады: Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған Жаңаөзен түлектері ұстаздарына құрмет көрсетті

10:18, 27 мамыр 2024 596

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы №10 жалпы білім беретін мектептің 2004 жылғы түлектері физика пәнінің мұғалімі Гүлнәр Қарақойшиеваға үш бөлмелі пәтер сыйлады деп хабарлайды Alash.kz.

Түлектер мектеп бітіргеніне 20 жыл толуына орай физика пәні мұғаліміне 25 мамырда соңғы қоңырауда пәтердің кілтін табыстауды жөн санапты. Ұстазы қуаныштан көзіне жас алып, шәкірттеріне алғыс білдірді.



Ұлағатты ұстаздың 40 жылдан астам уақыттан бері мектепте қызмет етіп келе жатқаны белгілі болды. Ұстазға құрмет деген осы. Қазақстанда тәуелсіздіктен бергі 25 жылда ұстаздар ең қадірсіз мамандық иелері болып саналды, соңғы төрт бес жылда ғана олардың еңбекақысы көтеріліп, еңселері тіктелді. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар