Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Полицейлер Атырауда 50-ге жуық адамды эвакуациялады

09:40, 05 мамыр 2024 522

Атырауда 4 мамырда сағат 17:00 шамасында патрульдік полиция батальоны мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп, көпқабатты үйден шыққан өрттен тұрғындарды аман алып қалды. Адамдарды құтқару сәтінің видеосы да жарияланды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 10 минуттың ішінде 50-ге жуық тұрғын қауіпсіз жерге шығарылды.

"Сондай-ақ, сақшылар пәтерде құлыптанып қалған 8 жасар баланы құтқарып үлгерді", делінген полиция хабарламасында.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

Атырау облысы ТЖД өрттің Махамбет даңғылы бойында орналасқан 5 қабатты тұрғын үйлердің бірінде болғаны нақтыланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар