Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Полицейлер мал қуып жүр. Ұлытау полициясы малға лента таққысы келеді

14:46, 03 мамыр 2024 463

Ұлытау облысында төрт түлікке жарық шағылыстырғыш лента тағылмайды. Салдарынан жолда көлік апаты көп болады. Бұл туралы облыстық ПД Рота патрульдік полициясының командирі Дархан Алюбаев айтты, деп хабарлады alash.kz.

QazAvtoJol ұлттық компаниясының мәліметінше, Жаңаарқа ауданында отырыс өткен. Онда «Жезқазған-Қарағанды» тасжолында қараусыз жайылатын малдың кесірінен көлік апаты жиі тіркелетіні айтылған.

Дархан Аюбаев мәселеге мал иелерінің қатысы барын, олардың талапты орындамай отырғанын жеткізді.

Жергілікті жүргізушілер түнде жолдан мал шығатынын біледі. Мұны басқа облыстан келетін жүргізушілер білмейді. 2022 жылдан бастап «Малдарға жарық шағылыстырғыш лента тағылсын» деген хатты жіберіп жатырмыз. Себебі бұл көлік апатынан сақтануға мүмкіндік береді. 2 ауылдық округте талап орындалды. Алайда 6 шаруа қожалығындағы 20-дан аса бас малға лента тағылған. Бұл – өте төмен көрсеткіш, - деді полицей.

Осыған байланысты QazAvtoJol АҚ мен «ҚАЖсервис» компаниясының Ұлытау облысындағы филлиалдары жол бойындағы шаруа қожалықтарына 15 шақырым қоршау қоятын болды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар