Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Прокуратура Байжановқа тағылған бір айыптаудан бас тартты

15:20, 29 сәуір 2024 432

Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот процесі жалғасып жатыр, деп хабарлайды alash.kz.

29 сәуірдегі сот отырысында тараптардың жарыссөзі басталады деп жоспарланған еді.

Жарыссөз басталмастан бұрын айыптау тарапы сотталушы Бақытжан Байжановқа қатысты сот тергеуін қайта бастауға қатысты өтінішхат жасады. Тараптар бұл өтінішхатқа қарсылық білдірмеді. Судья өтінішхатты қабылдады.

Бақытжан Байжановқа қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша айып тағылған еді. Олар:

432-бабы (аса ауыр қылмысты жасырып қалу);

434-бабы (аса ауыр қылмысты хабарламау).

Мемлекеттік айыптаушы Саяхат Нұрбековтің айтуынша, айыптау тарапы сотталушы Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабына сәйкес тағылған айыптаудан бас тартты. Бұл бапта аса ауыр қатыгездікпен жасалған қылмысты хабарламау әрекеті қарастырылған. 

Айыптау тарапы Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабы, яғни қылмыс туралы хабарламау бойынша айыптаудан бас тартады. Байжановқа қатысты қылмыстық істі қарау Қылмыстық кодекстің 432-бабында (аса ауыр қылмысты жасырып қалу) көрсетілген қылмыс жасады деген айыптау бойынша қаралсын, - деді прокурор Саяхат Нұрбеков.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар