Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Путин терактіні Украинаның мойнына артқызбақ» – Зеленский

09:20, 25 наурыз 2024 455

Украина президенті Владимир Зеленский сенбі күні кешке Мәскеу түбіндегі "Крокус сити холдағы" терактіге қатысты пікір білдірді. Ол Ресей президенті Владимир Путинді "терактіге кінәні Украинаға артуға тырысып жатыр" деп айыптады.

Зеленский өз сөзінде терактіге Ресей билігінің ықтимал қатысын да меңзеді.

"Мәскеуде кеше болған оқиғаны Путин мен өзге де оңбағандар біреудің мойнына артуға тырысып жатыр. Олардың әдістері бір. Мұндай нәрсе бұрын да болған. Жарылған үйлер мен атыстар, жарылыстар. Олар әрдайым өзгелерді кінәлайды" деді Украина президенті.

Оның сөзінше, Украинада соғысып жатқан ресейліктер Украинада қан төкпей, өз елдерінде болғанда Ресейдегі кез келген қылмыскерді тоқтатуға шамасы жетер еді.

Бұған дейін Ресей билігі Украина жағын "террористердің Ресейден шығуына жағдай жасады" деп айыптаған.

Украина бас барлау басқармасының төрағасы Андрей Юсов Путиннің болжамы "сын көтермейді" деді.

Юсовтың сөзінше, Ресей басқыншылығының үшінші жылында Украинаның шекарадағы аймақтары "әскер, арнайы агент, арнайы қызмет пен күштік құрылымдарға" толы, "шекара сызықтары миналанған, екі жақты да әуеден барлау қызметі бақылап тұр".

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар