Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қайрат Құдайбергеннің атасы Тоқаевтан араша сұрады

09:44, 27 мамыр 2022 245




Қаңтар оқиғасынан кейін күдікті ретінде ұсталған Алматы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің атасы, Алматы қаласы Алатау аудандық Ардагерлер ұйымының төрағасы Қабдолдин Құдайберген президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады.

Еске салсақ, Қайрат Құдайбергенге «Жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастыру және қатысу» бабы бойынша айып тағылған.
«Алматы қаласының басшылары, басқа депутаттар алаңда көрінбеді. Ал енді, сол Қайратты қаңтар оқиғасының ұйымдастырушысы ретінде қамауда ұстап отыр. Бұл құқық қорғау органдарының жіберіп отырған үлкен кемшілігі. Сіздің Жаңа Қазақстан құрамыз деп отырған мақсатыңызға қайшы. Сот жүйесі тек онлайн түрде өтіп жатыр, 1937 жылғы қуғын-сүргін заманды еске түсіреді. Сондықтан сізден өтініп сұрайтыным – әділ шешім шығаруға көмектесіңіз» делінген Не Хабар Telegram-арнасында жарияланған өтініш мәтінінде.

Қайрат Құдайбергеннің атасы президенттен араша сұрады

Үндеу астында желі қолданушылары Қайрат Құдайбергеннің жазықсыз қамалғанын алға тартып, оны босатуды талап етуде.

Еске салсақ, Алматы қалалық соты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартқан.







Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар