Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтар оқиғасы: Түрмеде азапталған жігіттің туыстары жанайқайын жеткізді

22:34, 23 ақпан 2022 262
Қаңтар оқиғасын тексеріп жатқан «Ақиқат» қоғамдық комиссиясына хабарласқан кәсіпкерлердің қарасы көбейіпті. Барлығы өтелетін шығын көлемімен келіспейді екен.


 

Сарқыт Салқанов есімді азамат биылғы қаңтарда Талдықорғанда болған шеруде көпшілік алдында сөз сөйлеген. КТК телеарнасының мәліметіне сәйкес, 32 жастағы азаматтың туысқандары оның митингіде басбұзарлыққа бармағанын айтқан.
– Салқанов Сарқытты 12 қаңтарда алып кетіп, СИЗО-аға алып барып соққан. Барлық анықтамалары бар. Қатты зақым алған. Қабырғалары сынған. Содан кейін оны босатып, қайтадан қаңтарда алып кетті. Міне, 40 күндей болды, әлі қамауда, – деді Сарқыт Салқановтың қарындасы Қаламқас Бисембаева.

 

Сарқыт Салқановтың адвокаты оның оңбай таяқ жегенін айтып, тіпті Сарқытты үтікпен күйдірмек болғанын айтты.
– Сөзінің аяғында «жүріңдер әкімдікке» деген ғой. Сосын ең соңында «еш нәрсе бүлдірмеңдер, қиратпаңдар» деген. Тергеу сараптама тағайындап жатыр. Айқайлаған дауыс соныкі ме, бұл жерде бұзақылыққа шақыру бар ма дегендей, филологиялық сараптама жүргізіп жатыр. Соны күтіп отырмыз, – деді адвокат Төлеген Бердіқожа.

«Ақиқат» қоғамдық комиссиясының жетекшісі Айман Омарова түрмедегі азаптауға қатысты бірде-бір істің әлі сотқа жетпегенін айтты.
– Комиссияның араласуымен 60-тан астам адам босатылды. Ал сенбі күні 20 адам абақтыдан шықты. 10 адам Алматы қаласынан, 10 адам Алматы облысынан босатылды. Атыраудан қанша адам шығатынын білмейміз, Қызылордадан «9 адам шығарылып жатыр» деген хат алдық, – деді Омарова.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар