Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаңтарда қаза болған12 жасар баланың денесі қайта эксгумацияланды

18:04, 11 наурыз 2022 256

Алматыда қасіретті қаңтар кезінде қаза болған 12 жасар Сұлтан Қылычбектің денесі бірнеше рет эксгумацияланды.

«Бес адам келді – екеуі полиция киімін киген, екі жұмысшы жер қазып жатқан, ал біреуі азаматтық киім киіп, қыдырып, бірдеңе жазып жүрді. Осы кезде зират қақпасының алдында тұрған полицейлер айғайлап, аумаққа кіргісі келген басқа адамдарды зиратқа кіргізбеді. Көліктер ресейлік азаматтық нөмірлермен – бір жүк көлігі және бір Toyota, седан болды» деді куәгерлердің бірі ҚазТАГ тілшісіне.

Белгілі болғандай баланы екінші рет эксгумациялаған.

Куәгерлердің айтуынша, баланың мәйітін қазып алған кезде Қаскелеңдік полицейлердің бірі оқиға орнында болған.

Баланың әкесі эксгумациялауға келісім бермегенін айтты.

Еске салсақ, қаңтар айының басындағы қайғылы оқиға кезінде қаскелеңдік 12 жастағы Сұлтан Қылычбек Алматыда болған. Ол атысты отшашу деп оны видеоға түсірмекші болған сәтте жараланған. Салдарынан 12 жасар бала көз жұмған.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар