Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қанша қаржы бөлініп жатса да сапасының жақсармай жатқаны жасырын емес - депутат

18:37, 15 наурыз 2024 440

Ұлттық құрылтай ұлтты ұйыстыруға бағытталған келелі кеңес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл үшінші рет отырысқа қатысып өзекті мәселелерді ортаға салды, дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев.

Оның сөзінше, бұған дейін жалпыұлттық бірлікті нығайтуға, демократия дәстүрін дамыту, ұлттық идеология, заң мен тәртіп орнату, еңбекті бағалау, адалдық пен әділдікті ұстану арқылы Әділетті және Жаңа Қазақстан құру мәселесі көтерілді. Жаңа Қазақстанның реформаларын жасақтау әлі күнге жалғасып жатыр. Жаңғыруды жұрт санасына сіңіру, жаңа технологиялар арқылы халықты ауқымды реформаларға қатыстыру, цифрлық мүмкіндіктерді кеңінен пайдалану сияқты тың қадамдарға бет алдық.

Биылғы 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай еңбегі еленбей жүрген аналарға арналған алғашқы награда табысталды. Бірі малшы, бірі диқан, енді бірі 15 бала туған қазақтың жүздеген ардақты ақжаулықтылары аяулы ана атағына ие болды. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күнделікті қажырлы еңбегімен мемлекеттің сан-саласын өркендетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз еткен азаматтарды қолдап, наградаға ұсыну бастамасымен жүзеге асқан игі іс болды.

«Былтырғы Ұлттық құрылтайда орден-медальдің терең мағыналы әрі жұрт көңілінен шығатындай ерекше болуын, мемлекеттік наградалардың жүйесін реттеу тапсырылған еді. Сол сияқты Әл-Фараби, Абай, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жаңа сыйлықтар тағайындалды. Президентіміз ұлтымыздың біртуар перзенттерін ел есінде жаңғырту әрі сақтау үшін Бейбарыс Сұлтан сынды тарихи тұлғалардың есімін наградаларға енгізуді де ұсынды. Сондай-ақ, Қазақстан тарихын жаңа ғылыми ұстанымдарға сәйкес көп томдығын шығару міндеттелген. Осындай игіліктерге арналған Ұлттық құрылтайдың маңызы зор», - дейді депутат.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар