Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қара шаңырақ ҚазҰУ-ға 90 жыл

05:47, 11 ақпан 2024 563
Әлемнің екінші ұстазы аталған Әл-Фараби бабамыздың есімін иеленген қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы ҚазҰУ 90 жылдығын атап өтті.

Қазақ ұлттық университеті – іргелі білім ошағы, ғылым мен мәдениеттің орталығы. Университтің мақсаты – еліміздің қоғамдық өмірі мен ғылымына, заң саласына,экономиканың маңызды бағыттарының қарқынды даму мәселелерін шешуге бағытталған заманауи, жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастыру.

90 жылдық тарихы бар университетте 3354 оқытушы-профессор табысты еңбек етуде. Оның ішінде 11 ҚР ҰҒА академигі, ҚР Жоғары мектебінің үш академигі, Жоғары мектебі Ғылым академиясының ¬ сегіз академигі, жеті ҰҒА корреспондент-мүшесі бар. Сондай-ақ 603 доктор, 736 ғылым кандидаты, 512 PhD жұмыс істейді. 2023-2024 оқу жылына 10 719 талапкер қабылданып, білім алушылар саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 3000 ға артты. ҚазҰУ-дың 32 оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2023» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.ҚазҰУ Батыс және Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, Азия және Тынық мұхиты аймағындағы 650-ден астам жоғары оқу орындарымен және ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста. 80-нен астам әріптестік байланыс өткен жылы орнатылды. Әлемнің 54 елінен 3928 шетелдік студент білім алуда.

2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия мен Қырғызстанға ресми сапары аясында Ыстамбұл, Бішкек қалаларында ҚазҰУ филиалдары ашылды. Сондай-ақ университет базасында Ресейдің МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің филиалы жұмыс істейді.

2023 жылы Қазақстан Президентінің Қытайға мемлекеттік сапары барысында ҚазҰУ базасында Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалын ашу туралы келісілді. 12 қазанда филиалдың салтанатты ашылу рәсімі өтіп, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін арнайы зертханалық сыныптар іске кірісті.

Университетте сапалы білім алғысы келетін әрбір студент үшін бірқатар лайықты мүмкіндіктер бар. Университетте Қазақстандағы ең үлкен және ең бай кітапханалардың бірі бар.Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапханасы Орталық Азиядағы ең ірі кітапханалардың бірі болып саналады. ҚазҰУ жас ғалымдарға жақсы жабдықталған жатақхана ұсынатын студенттік қала саналады. Университетте 5000-нан астам студентті қабылдай алатын 14 үлкен жатахана орналасқан. Университетте 16 факультет, 67 кафедра, 32 ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары, технопарк бар.Университет керемет және жан-жақты академиялық бағдарламаларды ұсынады. Жыл сайын ҚазҰУ-дың 2000-нан астам студенті тілдік дайындықтан, сондай-ақ шетелдік ғылыми және оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтеді. Университет жыл сайын университеттің 600-ден астам профессорлық-оқытушылық және әкімшілік қызметкерлеріне халықаралық конференцияларға, шетелдік жоғары оқу орындары мен ТМД, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Таяу Шығыс және Азия елдеріндегі ұйымдарға шетелдік іссапарлар ұйымдастырады. Оқу ғимараттары Алматының экологиялық таза және гүлденген аймағында орналасқан. Университет аумағында: Ө.А.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайы, ғылыми кітапхана, интернет орталығы, спорт кешені мен стадион, сондай-ақ «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы орналасқан.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстанның жетекші классикалық университеті мəртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады.

Кусмолдаева Ж.Н

Баймбетова А.Ә

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

экономика және бизнес жоғары

мектебінің оқытушылары

 

 

 

 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар