Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қарағандыда 9 жасар бала жаңбыр суына батып кетті

07:02, 04 сәуір 2022 305
 



Қарағанды ​​облысының әкімі Жеңіс Қасымбек каналға батып кеткен 9 жасар баланың ата-анасына көңіл айтты.

Еске салсақ, апат Қарағандыда 3 сәуір орын алған.
«Барлық жергілікті әкімдіктер халық арасында алдын алу жұмыстарын күшейтуі керек. Мұндай қауіпті жерлерде ескерту белгілері ілінуі керек. Ендігі басты міндет – мұндай қайғылы жағдай қайталанбауы үшін қажеттінің барлығын жасау» деді Жеңіс Қасымбек.

Ол өңірде су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізіліп жатқанын, қардың мол еріп жатқанын айтты.
«Жауапты қызметтер кез келген төтенше жағдайға дайын болуы керек» деп тапсырма берді әкім.

Аймақ басшысы ата-аналарға көшедегі қауіп-қатер туралы балалармен сөйлесуді сұрады. Сондай-ақ, білім басқармасына мектептерде қауіпсіздік ережелері бойынша іс-шаралар өткізуді тапсырды.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар