Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қаскелеңнің қойшылары қойын үркіткен мотоцикл мінген туристерді сабап тастады

17:00, 15 шілде 2024 594

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қаскелең тауында малшылар мотоциклші-эндуристерді ұрып тастады деп хабарлайды Alash.KZ. 

Олар мотоциклшілерге шабуыл жасап, ұрып-соғып, атыс қаруын қолданған. Аталған іске қатысты жәбірленушілер Алматы облысының полициясына арызданған. 

Кадрлардан ат тізгіндеген ер адамның алдымен мотоцикл жүргізушілерінің бірінің басынан соққанын байқауға болады. Тағы екі адам қосылып, байкерді ұрып-соғып, жерге құлатқан. Шабуыл жасаушылардың бірінің қолында Калашников автоматына ұқсас атқыш құралы бар.

Алматы облысының полиция департаменті аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"2024 жылдың 14 шілдесінде әлеуметтік желілер мен WhatsApp мессенджеріне жүргізілген мониторинг барысында 13 шілдеде Қаскелең тауында түсірілген видео анықталды. Онда қолында мылтығы бар үш ер адамды байқауға болады. Олар бұзақылық ниетпен үш мотоцикл жүргізушісіне дене жарақатын салған. Аталған факті Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша тіркелді”, – делінген хабарламада.

Қазір Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері қылмыскерлерді анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар