Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан азаматтарына шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін

07:57, 13 ақпан 2024 238
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Аустрияның Қазақстандағы Елшісі Вилли Кемпелмен кездесті.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты және көпжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

Дипломаттар Қазақстан мен Аустрия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.

Сұхбаттастар іскер байланыстар мен инвестициялық әріптестікті одан әрі кеңейту тұрғысынан екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның маңызды рөлін аталып өтті (тең төрағалар Р.Василенко және Аустрия Федералдық Еңбек және экономика министрлігінің бас директоры Ф.Фраушер).

Р.Василенко Қазақстан тарапының екіжақты ынтымақтастықтың шарт-құқықтық негізін кеңейтуге мүдделілігін растады.

Сонымен қатар, Қазақстан дипломаты ел азаматтары үшін Еуропа Одағының визалық режимін жеңілдету мәселесін көтерді. Р.Василенко бұл бағытта нақты шаралар қабылдау ынтымақтастықтың барлық салалары бойынша өзара тиімді байланыстарды қарқындатуға қолайлы жағдай жасауға септігін тигізетінін атап өтті.

Айта кетейік, Қазақстан мен Аустрия маңызды экономикалық әріптестер. Қазақстан статистикасына сәйкес, 2023 жылы екіжақты тауар айналымы 332,6 млн АҚШ долл. құрады (экспорт – 9,7 млн, импорт – 322,9 млн). 2005 жылдан бергі Аустриядан Қазақстанға тікелей шетел инвестицияларының көлемі 3 млрд АҚШ долл. құрады.

Фото: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар