Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасында жаңа әуе бағыттары ашылмақ

08:32, 20 ақпан 2024 343

ҚР Көлік министрлігі Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдер арасындағы әуе рейстерінің санын арттырып, жаңа әуе бағыттары ашылатынын хабарлады. 

Сеулде Қазақстан көлік вице-министрі Талғат Ластаев пен Корея жер, инфрақұрылым және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Ли арасында екіжақты кездесу өтті.

«Кездесу барысында тараптар Астана мен Сеул арасындағы әуе рейстерін қалпына келтіру, Алматы-Сеул бағыты бойынша рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасында әуе рейстерін ашу мәселелерін талқылап, келісті» делінген хабарламада.


Сонымен қатар, Талғат Ластаев T’Way лоукостерлі авиакомпаниясы мен Sirius Airlines жүк авиакомпаниясының басшылығымен кездесулер өткізді, онда кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға рейстерді орындау ниеттерін білдірді.

Фото: KazTag

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар