Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстан мен Өзбекстан ортақ шекараны демаркациялау жобасын мақұлдады

08:09, 08 тамыз 2022 282
Қазақстан мен Өзбекстан ортақ шекараны демаркациялау жобасын мақұлдады, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігі. Ведомствоның 6 тамыз күнгі хабарламасында 25 шілде мен 5 тамыз аралығында Алматыда қазақ-өзбек үкіметтері делегациясының кезекті отырысы өткені айтылған. Онда екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау жобасы бекітілген.



"Келіссөз барысында тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарт жобасының мәтінін келісуді және шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттары жобаларының пакетін қалыптастыруды аяқтады" деп жазылған хабарламада.

Келесі кездесу Өзбекстанда өтеді.

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасының ұзындығы 2300 шақырымнан асады. Қазақ-өзбек шекарасын демаркациялау процесі – 2003 жылы, ал дала жұмыстары 2004 жылы басталған.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны айқындауға даулы мәселе көп туған. Негізгі себеп – Совет өкіметінің "экономикалық мүдде үшін" деп бір республика жерін екіншісіне оңды-солды табыстай бергені.

2002 жылы Астана мен Ташкент арасында жасалған "Қазақстан-Өзбекстан шекарасының жекелеген учаскелері туралы" дейтін шартқа сәйкес, шекарадағы Бағыс ауылы мен Арнасай су бөгеті Қазақстанға, қазақтар тұратын Түркістан ауылы, Қызылорда облысынан тағы үш елдімекен Өзбекстанға өткен.


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар