Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда 600 мыңға жуық адам көлік салығын төлемей жүр

14:12, 07 наурыз 2024 404

Елімізде көлік салығын төлемей жүрген адамдардың саны 600 мыңға жуықтаған. Олардың берешегі -16,3 млрд теңгені құрайды.

Салық міндеттемелерінен жалтарған автокөлік иелерінің ең көп саны Алматы, Астана қалаларында тіркелген.

Аstanatv.kz-тің хабарлауы бойынша, 2 сәуірден бастап салық сомасын уақытылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар жіберіледі. {КСМ}

Ал биыл шамамен 4 миллиондай жеке тұлға декларация тапсырады, олар - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары. Бұл азаматтар шетелдегі көлігін және баспаналарын, сондай-ақ шетелдік банктегі қаражаттарын жариялауға, бағалы қағаздарын, компаниядағы үлестерін, көрсетуге міндетті.

Жалпыға бірдей декларацияға 13 миллион енеді деп күтілуде. Жалпыға бірдей декларациялау жүйесі барлық азаматтардың кіру декларациясынан тұрады. Яғни жеке тұлғаның шетелдік активтері жылжымалы жылжымайтын мүліктері көрсетілуі қажет, - деді ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті басқармасы басшысының орынбасары Дархан Бейсеналиев.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар