Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда атом станциясы қашан салынатыны белгілі болды

11:51, 18 наурыз 2022 262

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов еліміздің 2035 жылға дейінгі энергетикалық балансында қуаты 2,4 гигаватт болатын АЭС салу жоспарланғанын айтты.

Оның айтуынша, еліміздің энергетикалық балансында базалық генерацияның жаңа көзі ретінде белгіленген қуаттылығы 2,4 гигаватт болатын атом электр станциясы қарастырылған, ал энергетикалық теңгерім 2035 жылға дейін есептелген.

«Әзірленген энергетикалық балансқа сәйкес, 2035 жылға қарай электр энергиясын тұтыну шамамен 153 млрд киловатт-сағатты құрайды. Сонымен қатар, қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған энергия көздерінің өндірісі бірқатар объективті себептерге байланысты төмендейді. Шамамен 89 млрд киловатт-сағатты құрайды. Қолданыстағы қуат көздері халықтың және экономиканың электр энергиясына болжамды қажеттілігін өтей алмайды» деп түсіндірді Энергетика министрі.

Ол осыған байланысты 2035 жылға қарай жалпы қуаттылығы 17,5 гигаватт болатын жаңа генерациялаушы қуаттарды іске қосуды қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

Министрліктің Электр энергетикасын дамыту департаментінің директоры Айдос Дәрібаев Қазақстандағы атом электр станциялары арқылы энергияның қандай үлесін өндіруді жоспарлап отырғаны туралы да айтты.

Қазақстанда атом электр стансасын салу мүмкіндігі туралы мәселе 2021 жылдың жазында белсенді түрде талқылана бастады.

Былтыр күзде Қазақстанда электр энергиясы тапшылығы байқалды: Шығыс Қазақстан облысында электр қуаты шектелді, ал Шымкентте олар үзілістерге шағымдана бастады.

4 қарашада «KEGOC» АҚ Қазақстанда электр қуатын тұтынудың қалыптан тыс артқанын хабарлады, бұл оның тапшылығына әкелді.

Осы кезеңде президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі атом энергетикасын дамыту перспективаларына, соның ішінде АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді.

2022 жылдың 8 ақпанында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев еліміздің оңтүстігіндегі атом электр станциялары құрылысының тиімділігін мәлімдеді.

Мемлекет басшысы өз кезегінде таза атом энергиясы болмаса, инвестицияны айтпағанда, бүкіл экономикамыздан айырыламыз деген пікір білдірді.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар