Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда ешқашан болмаған жаңа агенттік құрылады

10:57, 26 сәуір 2024 576

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі "Ұлттық рейтингтік агенттік туралы" жаңа заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын қоғамдық талқылауға шығарды.

Еліміз тәуелсіздіктің 33 жылында мұндай агенттіксіз өмір сүрді, енді неге ол керек бола қалды?

"Қазақстанда ұлттық рейтинг агенттіктері жоқ.Бұл ресурстарды бөлудегі және экономиканы қаржыландырудағы қаржы нарықтарыныңтиімділігін шектейді. Республикада тәуелсіздік жылдары қаржы нарығының барлық дерлік негізгі инфрақұрылымы құрылды және табысты жұмыс істеуде: клиринг функциясына ие 2 қор биржасы (KASE, AIX), тіркеуші функциялары бар орталық депозитарий, кредиттік бюролар бар. Мұндағы жалғыз жетіспейтін буын – жергілікті кредиттік рейтинг агенттіктері болып тұр. Қазақстанда нарықтың шектеулі болуына және тиісті заңнамалық ортаның жоқтығынабайланысты олар құрылмады", – деп дәйектеді қаржылық реттеуші.

Ведомствоның түсіндіруінше, бұл жерде екі басты проблема туындады. Біріншіден,халықаралық, негізінен америкалық рейтинг агенттіктерінің қызметі біршама қымбат, тиісінше, біраз қаражат шетелге кетеді. Екіншіден, олардың талабына сай болып,лайықты рейтингті ұстап тұру ісі қымбатқа түсетіндіктен, отандық биржада құнды қағаздарын сататындар ешқандай рейтингалмай-ақ, саудаға шыға салады екен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар