Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда жүрген өзбек халқы - сақ болыңыздар!

16:01, 07 маусым 2024 654

Сыртқы еңбек миграция агенттігі Қазақстанда жұмыс істеп жүрген және тұрып жатқан өзбекстандықтарды елде жаппай рейдтердің жүргізіліп жатқандығы туралы ескертті. Оларды көші-қон заңнамасын қатаң сақтауға шақырды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

3 маусымнан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде көші-қон саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау үшін «Нелегал-2024» рейдтері жүргізілуде, бұл рейдтер барысында Қазақстан аумағында заңды тұру және заңды еңбек миграция тәртібін бұзған шетелдік азаматтарға қатысты шаралар қабылданады.

Алматы, Астана, Шымкент және Маңғыстау облысында заңнаманы бұзу оқиғалары жиі кездесіп отырғандықтан, сыртқы еңбек миграция агенттігі Қазақстанға баратын және сол жерде жүрген отандастарын көші-қон ережелерін сақтауға шақырады.

Өзбекстан азаматтарына Қазақстанда 30 күнге дейін болуға рұқсат етілген, бірақ бұл кезеңде оларға жұмыс істеуге тыйым салынған. Сонымен қатар, Қазақстанға жұмысқа баратын адам бірден жұмысқа рұқсат және уақытша тұруға рұқсат алуға міндетті.

Қазақстанға жұмысқа келетін өзбекстандықтарға құжат алу үшін тек Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінуді және алаяқтардың күмәнді ұсыныстарына сенбеуді ұсынды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар