Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанда «сән-салтанат» салығы енгізілуі мүмкін

12:15, 11 наурыз 2024 406

Қазақстанның жаңа Салық кодексіне «сән-салтанат» салығы қосылуы мүмкін. Ол жеке тұлғаның қымбат заттарының бағасы белгіленген мөлшерден асқан жағдайда  салынбақ.

«Егер жеке тұлғаның барлық объектілерінің жалпы құны 130 мың АЕК шегінен асатын болса, сәнді заттарға салық салуды ұлғайту ұсынылады», - делінген Салық кодексі жобасына нормативтік саясат жөніндегі консультативтік құжаттың жобасында.

Ал, Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, кейбір адамдардың яхталары мен жеке ұшақтары бар, ал, жалпы қазақстанда 490 адамның жеке яхтасы бар деп түсіндіреді. Яхталарға салынатын салықтың максималды сомасы шамамен 190 мың теңгені (55 АЕК) құрайды.

Сонымен қатар, тарифтерді бірнеше есеге көтеру ұсынылып отыр.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар