Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандағы құнды қолжазбалар жойылудың алдында тұр

12:19, 28 наурыз 2024 364

«Ғылым ордасы» ғылыми кітапханасындағы құнды қолжазбалар жойылудың алдында тұр. Бұл туралы Мәжіліс депутаттары мәлімдеді. 

Депутат Ардақ Назаровтың айтуынша, кітапхана қорындағы ХІІ-ХVІІІ ғасырларға тиесілі құнды жәдігерлер әлі басылып шықпаған.

Кітапхана қорындағы ХІІ-ХVІІІ ғасырлар арасын қамтитын құнды мұралар, әл-Фараби, Әлішер Науаи, Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шоқан Уәлиханов, Мұхтар Әуезов, Әбубәкір Диваев, Әлкей Марғұлан сынды ірі тұлғалардың қолжазбалары, Абылай ханның хаты, 3 метрлік орама матада жазылған «Қазақ хандарының шежіресі», 12-ғасырда бұзау терісіне жазылған 26 метірлік «Тәурат» кітабының қолжазбасы сақталған. Одан бөлек, 20 мыңнан аса құнды қолжазба бар. Олардың көбі әлі кітап болып басылып шықпаған, деді Назаров.

Сонымен қатар ол, кітапханаға қаржы бөлінбейтінін, салдарынан маман тапшы екенін алға тартты. 

Осыдан 30 жыл бұрын Орталық ғылыми кітапханада 305 қызметкер жұмыс істеген болса, қазір 32 маман ғана қызмет етеді. Маман тұрақтамайды, мардымсыз жалақыға ешкім келмейді. 30-40 жылдан бері қызмет етіп келе жатқан өте тәжірибелі кітапханашылардың өзі 100 мың теңгенің төңірегінде ғана айлық алады!.. Ал кітапханада атқарылатын жұмыстар шаш етектен. Кезінде 300-ден астам маман істеген жұмысты бас-аяғы 30-ға да жетпейтін қызметкерлер қалай атқарсын?!. Маман тапшылығына байланысты кітапхананың электронды каталогы толық жасалмай отыр. Қазір 30% қор электронды каталогқа енді, 70% қорды оқырмандар қағаз жәшіктерден кітапханаға келіп қана қарай алады, деді Назаров. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар