Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстандық банктерге ресейліктерге карта рәсімдеудің қаупі жөнінде ескерту жасалды

06:03, 02 сәуір 2022 273
[ad_1]



Қазақстан ұлттық банкі екінші деңгейлі банктерге халықаралық санкцияға ілінген азаматтарға төлем карталарын рәсімдеудің қаупі жөнінде ескертті. Бұл жөнінде Forbes.kz сайты хабарлады. Сайт Ұлттық банк таратқан хаттың көшірмесіне сүйенеді.

Хатта кейбір банктердің халықаралық санкцияға ілінген шетел азаматтарына төлем карталарын рәсімдеу бойынша қызмет ұсынуы қауіпті екені жазылған. 29 наурыз күні жазылған хатқа Ұлттық банк төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов қол қойған.

Ұлттық банк Қазақстан азаматы емес адамдарға карта рәсімдемес бұрын мәселені халықаралық төлем жүйелерінің өкілдерімен талқылап алу қажеттігін алға тартқан. Forbes.kz сайтының жазуынша, мәселе бірінші кезекте Ресей азаматтарына қызмет көрсету жөнінде болып отыр, бірақ әзірге ешқандай қызмет түріне тыйым салынбаған.

Қазақстандағы ірі банктердің бірінің баспасөз қызметі Ұлттық банктен осындай хатты алғанын растаған. Көбі Visa мен MasterCard'қа өтініш жіберіп, жауабын күтіп отыр.

"Халықаралық төлем жүйе басшыларынан әзірге ешқандай ұсыныс-ескерту түспеді. Егер түссе, әрине ескеріледі ғой, себебі ешкім санкцияға ілінгісі келмейді. Бірақ шын мәнінде қазір ешкім ештеңеге тыйым салған жоқ, бәрі заңнама аясында жүріп жатыр" деді баспасөз қызметінің өкілі сайтқа.

Қазақстан Ұлттық банкі Forbes сайтына жіберген жауабында ҰБ екінші деңгейлі банктерге Қазақстан азаматы емес адамдарға банк есепшотын ашып, төлем картасын рәсімдеу бойынша шектеу қоймағанын айтып, алайда ескерткенін растаған.

Наурыз айының басында халықаралық Visa және MasterCard төлем жүйелері Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты Ресей аумағында қызметін тоқтатқанын мәлімдеген.

Шектеулерге байланысты осыған дейін Ресей азаматтарына арналған түрлі "карта турлары" жөнінде ақпарат тараған. "Мұндай турлар" аясында Ресей азаматтарына Қазақстан, Өзбекстан, Армения және өзге елдерге барып, халықаралық карта жүйелерін рәсімдеу жөнінде ұсыныс жасалған. Кейбір Қазақстан банктерінің Ресей азаматтарына қашықтан осындай қызмет көрсетуді ұсынып жатқаны жөнінде ақпарат болды.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар