Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

16:20, 08 ақпан 2024 298
Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Сенат кулуарында айтты.
"Мемлекеттік қарызға бақылау әрдайым болды. Абсолютті сандарда оның сомасы айтарлықтай әрі дефолт болатын сияқты көрінеді. Бірақ та, ол қорғалған, қауіпсіз дәлізде екенін айтқым келеді. Мемлекеттік қарыз бар екені белгілі. Оған қызмет көрсету мемлекеттік бюджетті шығынға ұшыратуда. Қазір біздің тиісті департамент Ұлттық банк пен басқа да қаржылық институттармен бірлесіп, мемлекеттік қарыздың көлемі, шығын аз болу үшін қосымша тетіктер қабылдайтын болады. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырма аясында жүргізілетін кешенді жұмыс. Ол жоспарға енгізіледі", - деді ол тілшілердің сауалына берген жауабында.

Ержан Біржановтың сөзінше, ертең Үкіметтің отырысында бұл мәселе талқыланады.

БАҚ өкілдері мемлекеттік қарыздың көлемін сұрады.
"Жазбаша жауап береміз. Өйткені оны нақтылау керек. Мемлекеттік қарыз, квазимемлекеттік сектордың қарызы, банктердің алдында қарыздар бар. Қарыздың құрылымын саралап, мәселені анықтап алу керек", - деп қысқа қайырды спикер.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар