Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қылмыстық топ құрып, ірі мөлшерде алаяқтық жасау»: Экс депутат Бақытбек Смағұлдың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны рас па?

17:55, 31 шілде 2024 1256
 
С-ИНФОРМ газетінің журналистері экс-мәжілісмен Бақытбек Смағұлға қатысты Қылмыстық кодекстің  «қылмыстық топ құрып, ірі мөлшерде алаяқтық жасау» деген 190 бабының 4 бөлігімен №247115031001799 санды қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталғанын жазды, деп хабарлайды Alash.KZ сайты Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
 

“70 МЫҢ ДОЛЛАР АЛҒАН”

“Осыдан екі ай бұрын бізге Сақтағанов Ардагер деген қызылордалық жігіт хабарласып, өзін бірнеше жыл бұрын Бахытбек Смағұл деген экс-мәжілісмен 70 мың АҚШ долларын алдап алғанын айтты. 

Ол былай болған: Сақтағанов Ардагердің бір жақын жездесін Қызылорданың ҰҚК қызметкерлері «ұйымдасқан қылмыстық топпен мұнай ұрлады» деп үстінен бірнеше баппен іс қозғаған екен”, – деп жазды журналист Амангелді Батырбеков. 

Жездесіне жала жабылғанын естіген Ардагер көмек сұрап, туысы боп келетін мәжілісмен Бақытбек Смағұлға хабарласады. 

“Мәжілісмен Бақытбек Смағұл өзінің Президент әкімшілігіндегі және қудалау органдарына ықпалы бар генерал таныстары арқылы жағдайдың бәрін біледі. Жәрдемге мұқтаж боп алдына кеп тұрған Ардагерге паңдана қарап: «так, жездең сотталады, бірақ мен оның жазасын жеңілдетіп бере аламын және оның мүлкін тәркілетпеу де қолымнан келеді, мақұл десең, менің ол қызметім -100 мың АҚШ доллары тұрады» деген көрінеді. Ардагер бүкіл ауыл-аймақ, туыс-таныстарынан 70 мың долларды әзер жинап әкеп береді”, – деп жазды журналист.

“АҚШАНЫ ҚАЙТАРМАЙ ОТЫР”

Ақыр аяғында Ардагердің мұнай ұрлаған жездесі сол күйі ауыр жазамен қамалып кете барады һәм бүкіл дүниесі тәркіленеді. Сақтағанов ақшасын қайтаруды сұрап барғанда, Смағұлов қайтармайтынын айтады. 

“Содан Ардагер бізге келіп, біз оның дәлеледерін мұқият зерттеп, көзіміз жектен соң, мен өзінен сенімхат алып, екеуміз Астанадағы антикор агентствосына «қайдасың?» деп тартып кеттік.

Антикордағылар алғаш естігенде, олардың түрлерінен «олай болуы мүлдем мүмкін емес» дегенді байқадық. Алайда, дәлелдеріміз нақ болса керек, осы шілде айында экс-мәжілісмен Бахытбек Смағұлға «қылмыстық топ құрып, ірі мөлшерде алаяқтық жасау» деген қылмыстық кодекстің 190 бабының 4 бөлігімен №247115031001799 санды қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталғаны жайлы ақпарат келді”, – деп жазды Батырбеков. 

БАҚЫТБЕК СМАҒҰЛ НЕ ДЕЙДІ?

Экс-депутатқа телефон шалып, қылмыстық іс қозғалған, қозғалмағаны жайлы сұрап білдік.

“Бұл жала. Мен ол адамдардың үстінен прокуратураға арыз жаздым. Құзырлы орган айналысады”, – деді ол.

Бақытбек Смағұл 2021 жылғы 14 қаңтардан бастап, VII сайланған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясының мүшесі, Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.

Соңғы сайлауда Мәжіліске өтпей қалды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар