Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытайды топан су басып 4 адам қаза тапты, 10-ы жоғалып кетті

16:07, 23 сәуір 2024 410

Қытайды топан су басты. Гуандунь провинциясында 40 мыңдай адам су басқан аудандарда қалып қойған.«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, су апатынан 4 адам қаза тауып, он тұрғын жоғалып кеткен.

Хань Цзинчжун, жергілікті фермер:

Бәрінен айрылып қалдым. Егемін деген тұқым да кетті. 13 мың доллардың дүниесі тасқыннан жоқ болды. Егістік алқаптарын да су шайып кетті.

Өткен аптаның соңында басталған жауын мен тасқыннан Гуандунь аймағындағы екі қала қатты зардап шекті. Сонымен қатар, көршілес Цзянси провициясындағы жағдай да қиын. Онда мың жарым гектардай егін алқабын су басып, экономикаға 6 миллион долларға жуық шығын келді. Ал Гуанджоудың жартысы суға кеткен.

Лин Сюжзень, интернет-дүкен жұмысшысы:

Осыдан екі жыл бұрын жауын-шашын салыстырмалы түрде молая бастады, ал биыл тіпті күшейді. Бұрындары су тасқындары мұндай болмайтын. Су қатты көтеріліп жатыр.

Қытай су апатынан жақында құтылмайтын тәрізді. Елдің Орталық метеорологиялық обсерваториясының ескертуінше, жауын мен дауыл бүгін де жалғасады. Одан елдің оңтүстігіндегі үлкен аумақтарда, соның ішінде Гуанси мен Фуцзянь провинцияларында да жаңбыр қатты құюы ықтимал.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар