Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қыздарды жақсы көрем: Жалғас Жұмағұлов үшінші әйел алуды жоспарлауда

14:08, 25 шілде 2024 744

Чемпион Жалғас Жұмағұлов үшінші әйел алуды жоспарлауда. Бұл туралы спортшы «Rukh Entertainment» YouTube-каналындағы подкаст кезінде айтты, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

1Bol.kz сайтының мәліметінше,сұхбат барысында Жалғас өзінің бос уақытында немен айналысатынын айтқан. Сондай-ақ, қыздарды жақсы көретінін, сондықтан құмары қанғанша үйлене беруді жоспарлап отырғанын жасырмады.

«Әзірге екі әйелім бар, жақында үшіншісін алам. Көздеп жүргенім бар. Мен бұл әрекетімді былай түсіндірем: арыстан көп, бірақ бірнеше ұрғашыны ұстайтын арыстан аз, мен сондай аздың қатарынанмын. Қыздарды жақсы көрем. Жақсы көресің бе, онда үйлен. Егер бір әйелді қанағат тұтсаң, онда бір әйелмен ғана тұр, өз еркің», - деді ол әңгіме барысында.

Жұмағұлов өзінің ата-бабасы да көп әйел алумен танылғанын айтты. Мұны қазақтың тарихы мен мәдениетінде де бар дейді ол.

«Сіздерде қалай екенін білмейм, менің өз ата-бабамда көп әйел алғандар болды. Бұл үрдіс біздің жалпы мәдениетте де кездеседі. Мен мұнда проблема көріп тұрған жоқпын. Бірақ, кейбір адам бірнеше әйел алуды оңай деп ойлайды. Сырттан қарағанда солай шығар, бірақ, қиындық көп. Сен әрбір әйеліңе бірдей қарап, өте әділ болуың керек, олардың әрбіріне жауаптысың», - деп сөзін түйді қазақ файтері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар