Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қоқыс жәшіктерін аңдуға 54 млн теңге жұмсалған

09:24, 30 мамыр 2022 267
 



Оралда 50 қоқыс орнына 100 камера орнатылған. Оған бюджеттен 54 млн теңге бөлінген. 2022 жылы тағы 120 камера орнату жоспарланып отыр.

Protenge Telegram-арнасының мәліметінше, жергілікті әкімдік камераларды тұрғындардың сұрауымен орнатқан. Адамдар үлкен көлемдегі қоқыстарды тұрмыстық қоқыс контейнерлеріне тастағанына жиі шағым түсірген.

Уральская неделя басылымы биыл қоқыс орындарына тағы 120 камера орнату жоспарланғанын хабарлады.

Қазіргі таңда 100 камераның тек 6-ауы ғана жұмыс істейді, 94-і биыл жазда қосылуы керек.

Қоқыс жәшіктерінің маңында орнатылған камераларға былтыр ТКШ бөлімі мердігерге 54 млн теңге төлеген.

Әзірге Антикор ешқандай ресми мәлімдеме жасамады.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар