Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қорғаныс экс-министрі мемлекеттік сатқындық жасады деп айыпталуда

03:42, 21 ақпан 2022 227
 



Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың уақытша ұстау изоляторына қамалуына қатысты жаңа мәліметтер шықты.

ZTB Telegram-арнасы хабарлағандай, Мұрат Бектанов мемлекетке сатқындық жасады деп айыпталуда. Дереккөздің хабарлауынша, қорғаныс экс-министрі қаңтардағы тәртіпсіздіктер кезінде қастандық жасаушыларға көмектескен.
«Атап айтқанда, Бектановтың басшылық ететін қорғаныс министрлігі қасіретті қаңтардың бірнеше күнінде стратегиялық нысандарды дер кезінде қорғауды қамтамасыз етпеген. Сол себепті Полиция мен Ұлттық ұланда қимыл еркіндігі болған жоқ және жағдай бақыланбады. Расында, Қорғаныс министрінің әрекеті қастандықтың артында тұрғандарға тиімді болды.

Сондықтан ҰҚШҰ күштерінің көмегіне жүгіну туралы шешім қабылданды. Ең бастысы, біздегі ақпаратқа сәйкес, кейбір бейбіт тұрғындардың өлімі әскерилердің жауапкершілігінде. Бұл да әскери cаланың бұрынғы басшылығының жіберген қателіктерін көрсетеді» делінген хабарламада.

Еске салсақ, Нұр-Сұлтанда сағат 09.25-те қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
«Ағымдағы жылдың қаңтарындағы жаппай тәртіпсіздіктер мен лаңкестік әрекеттер фактілері бойынша қылмыстық істерді тергеген кезде. Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан Республикасының бұрынғы Қорғаныс министрі М.Қ.Бектанов міндеттерін орындай алмады.

19.02.2022 аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 452-бабы (билік органдарының әрекетсіздігі) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады» делінген хабарламада.



Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар