Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қос азаматтығы бардың - мүддесі бөлек

05:30, 31 наурыз 2022 243
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ақпанда өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырсында қос азаматтығы бар адамдарға жазаны күшейтуді талап етті. Сонымен қатар, мемлекет басшысы жолдауда қос азаматтағы бар мемлекеттік мекеме басшылары мен мемлекеттік қызметкерлерді жұмыстан шығаруды да қатаң тапсырды.

Мысалы, Шымкент қалалық спорт басқармасының басшысы Олег Почиваловтың қос азаматтағы бар екені анықталып, ол 25 ақпанда қызметтен шеттетілді. Өзге шенеуніктерге қатысы қазірше мұндай мәлімет анықталған жоқ.

ҚР Бас прокуратурасы мен ішкі істер министрлігі Қазақстан азаматтығынан өзге Ресей азаматтығы бар Жамбыл облысының Қордай аудандық мәслихат депутаты Татьяна Подшибякинаны неге тексермейді? Оның дәлелі де бар. Алдағы реформаларда өкілеттігі жоғары мәслихатта мұндай депутаттар болмауы керек. Қос азаматтығы бар мұндай азаматтарға шынайы тексеру жүргізуілу қажет!

Айдар Базарбаев
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар