Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қостанай облысына бас имам тағайындалды

21:59, 29 шілде 2024 1522

Жақында Қостанай облысының бас имамы сыра ішіп, көлік жүргізгені үшін 15 тәулікке қамалған еді. Осыдан кейін Бахытбек Тәжімбет орнын босатты. Бүгін ҚМДБ жаңа бас имамды тағайындады, деп хабарлайды Alash.KZ.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қостанай облысының бас имамы болып Бектұрсын Уәлиев тағайындалды.

Жаңадан тағайындалған бас имамды өңірдің дін қызметкерлеріне ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров таныстырып, ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып берді.

Сондай-ақ Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудан бас имамдарының қатысуымен өткен жиында облыстық дін істер басқармасының басшысы Ерлан Болатұлы жаңадан тағайындалған бас имам Бектұрсын Торғайбайұлына ізгі тілегін білдіріп, жауапты қызметіне абырой тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін 23 шілде түнгі сағат 03:00-те Бурабайдағы түнгі клубтардың бірінінің маңында масаң күйде көлік жүргізіп бара жатқанда ұсталған Бахытбек Тәжімбет 15 күнге қамалды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар