Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қуандық Бишімбаев өлген әйелімен некесін тіркемеген – прокурор

16:43, 11 наурыз 2024 402

Экс-министрі Қуандық Бишімбаев әйелі болған марқұм Салтанат Нүкеновамен некесін ресми тіркемеген. Бұл туралы прокурор Айжан Аймағанова мәлім етті. 

«2022 жылғы 16 желтоқсанда Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың тойы өтті. Бірақ, олар некесін ресми тіркемеген. Олар азаматтық некеде болған», - деді Айжан Аймағанова күдіктіге қатысты айыптауларды оқи отырып. 

Одан бөлек, күдікті азаматтық некедегі әйелінің ұялы телефонын бақылап, қоңыраулар мен хабарламаларды тексеріп отырған. Сондай-ақ, айыптаушының айтуынша, күдікті С. Нүкенованы 2023 жылғы наурыздан бастап жүйелі түрде ұрып соққан. Күдікті Қ. Бишімбаев пен С. Нүкенова арасындағы ұрыс-керіс мейрамханаға бармай тұрып басталған. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар