Құлсары тұрғыны жылыойлықтарға блогерлерге сенбеу керек екенін мәлімдеді.
«Жылыойға неше түрлі блогерлер келіп, хайп жинап жүр екен. Құрметті Қазақстанның блогерлері! Сіздер келетін болсаңыздар, қолға күрек ұстап көмекке келіңдер! Бұл жерге келіп, хайп, өздеріңізге контент жасағандарың бізге қажет емес! Содан кейін ешқандай іріткі салмаңыздар. Үкіметті, халықты жамандап, біреулерді жамандап қажет емес. Біз қазір Үкіметпен бірігіп, барлығымыз бір ауыздан жұмыс жасап жатырмыз. Әкімдікте жұмыс істейтін адамдар – өзіміз сияқты үйі суға кетіп қалған адамдар. Ортақ штаб құрып, жұмыс істеп жатқан жайымыз бар. Ешқандай іріткі салмаңыздар!» - дейді ол.
Видеоға түскен әйел жылыойлықтарға жүгініп, блогерлерге сенбеуге шақырады.