Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Құлсарылықтар 15 мамырға дейін ғана күтеді

11:59, 03 мамыр 2024 421

Су тасқынынан зардап шеккен Құлсары тұрғындары алаңға жиналып, құлап қалған үйлері үшін бір шаршы метріне 400 мың теңге көлемінде ақша төлеп беруді талап етті.

Белгілі болғандай, құлсарылықтардың біразы өздерінің тұрғын үйлеріне жүргізілген техникалық тексеру нәтижелерін алды. Олар мәселені бір апта ішінде шешуді және сол мерзімде есеп айырысып, шоттарына төлем жасауды талап етуде.

Тұрғындардың талабын аудан әкімі Қаражанов және оның орынбасарлары келіп тыңдады.

"Әкім 15 мамырдан кейін баға шығады деп уәде берді, бірақ бұған дейін 2 мамыр туралы әңгіме болған. Біз бұдан былай күте алмаймыз"! деді, тұрғындар.

Жиналғандар 15 мамырда үйлерінің бағалауы бойынша есеп беруге әкімнің уәдесін алып, түнгі сағат 2 шамасында тарады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар