Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қытайдан жаңа қауіпті вирус анықталды

05:11, 09 тамыз 2022 221
Қытай мен Сингапур ғалымдары Қытайда кем дегенде 35 адам жұқтырған генипавирустың жаңа түрін анықтады.

Ауру симптомдарына қызу көтерілуі, әлсіздік, құсу және жөтел жатады. Вирустың адамнан адамға жұғу мүмкіндігі әлі анықталмаған.

“Қытайдың Шаньдун және Хэнань провинцияларынан “Ланья” (Langya henipavirus, LayV) вирусын жұқтырған 35 науқас анықталды”,- деп жазды Пэнпай басылымы.

“Ланья” вирусы ғалымдардың пікірінше “Нипах” вирусына ұқсайды. Бірақ әзірге жұқтыру жағдайлары өлімге әкелетін немесе өте ауыр болмаған.

Нипах вирусы – мидың қабынуымен (энцефалит) немесе тыныс алу органдарының ауруымен сипатталатын күрделі ауруды тудыратын вирустың бір түрі.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар