Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Рекорд: 102 жастағы жұп отбасын құрды (ФОТО)

18:04, 06 маусым 2024 650

Американың Филадельфия қаласында жаңадан үйленгендердің жалпы жас мөлшері бойынша рекорд орнатылды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

100 жастағы Берни Литтман мен 102 жастағы Марджори Фитерман үйленді.

АҚШ басылымының мәліметіне сәйкес, екеуі де Шығыс Еуропада дүниеге келген, бірақ Холокосттан қашып, АҚШ-қа көшкен. Жаңадан үйленгендер 2014 жылы қарттар үйінде танысқан. Марджори 1999 жылы жесір қалды, ал Берни 2012 жылы жесір қалған. Олар бір-бірін ұнатып, бірге тұра бастаған, театрлар мен мұражайларға барған. Қазір екеуі де арбаға таңылған, сондықтан уақыттарының көбін карта ойнаумен өткізеді.

Үйлену тойы еврей дәстүріне сай отбасы мүшелерінің қатысуымен өтті. Бернидің немересі Гиннесс рекордтар кітабына өтініш бергенін айтты.

Алдыңғы рекорд 2015 жылы үйленгенде жалпы жастары 194 болған Ұлыбританиядағы жұпқа тиесілі еді.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар