Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдегі Белгород мұнай базасына украиндық тікұшақтар соққы жасады

06:04, 02 сәуір 2022 225
 



Ресейдегі Белгород қаласынтағы мұнай базасындағы өрт екі украиндық тікұшақтың әуе соққысынан басталған.

Бұл туралы өзінің Telegram-каналында Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков хабарлады.
«Мұнай базасындағы өрт Ресей аумағына төмен биіктікте кірген Украина қарулы күштерінің екі тікұшағының әуе соққысынан болды» деп жазды Гладков.

Аймақ басшысының айтуынша, оқиға салдарынан ешкім қаза тапқан жоқ, өртті сөндіруге қажетті барлық мүмкіндіктер бар. Қазір Төтенше жағдайлар министрлігі өртті тез арада оқшаулауға тырысуда.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі РБК агенттігіне «Белгороднефтепродукт» АҚ мұнай базасындағы өрт туралы ақпарат Мәскеу уақытымен 5:51-де түскенін хабарлады. Оқиға орнына жеткен мамандар жанармай бөшкелерінің жанып жатқанын анықтады.
«Алдын ала мәлімет бойынша, екі адам (кәсіпорын қызметкерлері) зардап шекті. Өрттің 2-ші дәрежесі жарияланды. Жоюға 70-ке жуық адам мен 20 техника жұмылдырылған» делінген ТЖМ таратқан хабарламада.





Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар