Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей газының Қазақстан арқылы тасымалданатын көлемі бірнеше есе артады

14:05, 06 наурыз 2024 381

2026 жылдан бастап Ресей газының Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға тасымалданатын көлемі жылына 3 миллиардтан 11 миллиард текше метрге дейін артады. 

Ферғана агенттігінің мәліметінше, 2023 жылы Өзбекстанға ресейлік газ жеткізу құны мың текше метріне шамамен 160 долларды құраған. Бұл Түркияға немесе Қытайға сату бағасынан әлдеқайда төмен, алайда бұл сомадан Газпром 20-22 доллар пайда табады.

2023 жылдың маусымында «Газпром» Өзбекстанмен жылына 2,8 миллиард текше метр – тәулігіне 9 миллион текше метр газ жеткізу туралы екі жылдық келісімшартқа отырды. 7 қазанда Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға импорттау басталды. Желтоқсан айында Ташкенттің өтініші бойынша Газпром газ жеткізуді екі есеге арттырды.

Газ Орталық Азия – Орталық құбыры арқылы жеткізіледі. Жеткізу көлемін ұлғайту және аймақтағы басқа елдерге транзит ұйымдастыру үшін Газпром бұл газ құбыры жүйесін кеңейтеді. Өзбекстан 2030 жылға дейін газ тасымалдау жүйесін жаңғыртуға 470 миллион доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр.

Соңғы жылдары Өзбекстан ішкі нарықтағы сұраныстың артуына байланысты табиғи газды шетелге сатуды айтарлықтай қысқартты. 2020 жылы Ресейге экспорт толығымен тоқтатылып, Қытайға жеткізілім көлемі үш есеге қысқарды. 2023 жылы Өзбекстан Қытайға 563,54 миллион долларға газ экспорттады, бұл 2022 жылғы көлемнің жартысына жуығы — 1,07 миллиард доллар.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар