Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей Зеленскийге іздеу жариялады

11:39, 07 мамыр 2024 663

Ресей ІІМ қылмыстық бап бойынша Украина президенті Владимир Зеленскийге іздеу ажриялады. Ақпарат ведомствоның мәліметтер базасынан тараған.

Зеленскийдің картасында: туған күні 1978 жылы 25 қаңтар екені, туған жері Кривой Рог, Днепропетровск облысы Украина делінген. Ұлты украин деп жазылған.

– Іздеудің негізі: қылмыстық кодекстің бабы бойынша іздеуде, – делінген Ресей ІІМ мәліметтер базасында.

Украина президенті қандай бап бойынша айыпталатыны нақтыланбаған.

Соғыс басталғалы 800 күн өтті

Ресей Украинаға қарсы басқыншылық соғысты бастағалы 800 күн өтті. Украина президенті Владимир Зеленский Украина соғыстың жаңа кезеңі алдында тұрғанын айтады.Оның сөзінше, Ресей жақын арада шабуылды үдеткелі отыр.

Зеленский барлық украиналықтар, сондай-ақ елдің одақтастары Ресейдің бұл жоспарын бұзу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек деп атап өтті.

Ресей шабуылы

Қаңтар айында Financial Times Ресей әскері жазда Украинада кең ауқымды шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын хабарлаған еді. Басылымның дереккөздері Ресей 2022 жылы қосылған Украинаның төрт аймағының қалған аумақтарын басып алуға тырысады деп жазған.

Зеленский CBS News-ке берген сұхбатында Ресейдің жаңа ірі шабуылы мамыр айының соңында немесе маусымда басталуы мүмкін екенін айтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар