Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдің Томск қаласы суға кетті

15:07, 15 сәуір 2024 676

Ресейде Орск пен Орынбордың артынан Томск қаласы суға кетті. Төтенше жағдайлар министрлігі өзендегі мұзды жарып, жоғары суды тоқтатуға тырысты, бірақ бұл көмектеспеді. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы жазды.

Ресейде ірі су тасқыны жалғасуда. Қазір Томск, Қорған қалаларын су басып жатыр. Бұған дейін Орск пен Орынборды су басқан еді. Өзендердегі су деңгейі күрт көтеріліп, топырақ бөгеттер бұзылып, көпірлерді үлкен мұз кесектері ұшырып әкетуде. 

Орынбор облысынан кейін Томск қаласы су астына кете бастады. Қала әкімі қазірдің өзінде көршілес «Левобережье» СНТ-ны эвакуациялау басталғанын айтып, судың өте жақын қалғанын жеткізді. Бір күн бұрын жүргізілген мұзды жару жұмыстарының сәтсіз болуынан өзендегі су деңгейі рекордтық деңгейге көтерілді.

Қорған облысының губернаторы Тобыл өзеніндегі су деңгейі 556 сантиметрге жеткенін атап өтіп, тұрғындарды су басқан аумақтардаг көшіруге шақырды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар